Мақала жазуға қойылатын талаптар
2026-10-01
- Мақала мәтіні 3000–5000 сөз көлемінде болуы тиіс (әдебиеттер тізімін қоспағанда), А4 форматында, WORD редакторында Times New Roman қарпімен терілуі қажет.
- Әдебиеттерге сілтемелер Chicago Manual стиліне сәйкес рәсімделеді (Қошқаров 2020: 35).
- Математикалық формулалар Microsoft Equation бағдарламасы арқылы теріледі (әрбір формула жеке объект болып табылады). Тек мәтінде сілтеме жасалған формулалар ғана нөмірленеді.
- Мақала авторларының саны 3 адамнан аспауы тиіс.
- Авторлар автор(лар) туралы мәліметтерді қамтитын электрондық бюллетень нысанын міндетті түрде толтыруы керек: тегі, аты, әкесінің аты; жұмыс орны (қала, мекеме/университеттің қысқартусыз толық атауы және қысқаша атауы); ғылыми дәрежесі мен атағы; лауазымы; студенттер үшін — мәртебесі (докторант, магистрант немесе студент); электрондық пошта мекенжайы және телефон нөмірі; аннотация және түйін сөздер үш тілде.
- Редакция мақалаларды редакцияламайды. Талаптарға сай рәсімделмеген мақалалар жариялауға қабылданбайды.
- Мақалалар https://ilim.okmpu.kz сайты арқылы қабылданады.
Журналға ұсынылған барлық мақалалар рецензиялауға дейін мәтіннің бірегейлігіне (антиплагиат) міндетті түрде тексеріледі. Тексеру журнал хатшысы тарапынан онлайн жүйе арқылы жүргізіледі. Мәтін бірегейлігінің рұқсат етілген ең төменгі деңгейі — 70%.
Бұрын жарияланған немесе басқа басылымдарға бір мезгілде ұсынылған мақалалардың қолжазбалары қабылданбайды. Мақаланың ұсынылатын ең аз көлемі — кемінде 8 бет.



